Астана қаласы «Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
ТҰРАҚТЫ бос орын:
Педагог – психолог – 2 орын /орыс/;
Педагог – психолог – 2 орын /қазақ/;
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 1 орын /16 сағат/ қазақ сыныптарына;
Бастауыш сынып мұғалімі – 1 орын /18 сағат/ орыс сыныптарына;
УАҚЫТША бос орын:
Әлеуметтік педагог – 1 орын /қазақ,орыс/ декреттік орынға;
Тарих пәнінің мұғалімі – 1 орын /16 сағат/ қазақ сыныптарына декреттік орынға;
Математика пәнінің мұғалімі – 1 орын /24 сағат/ орыс сыныптарына уақытша орынға;
1) Қойылатын талаптар: еңбек өтілі 5 жылдан жоғары, педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог–шебер.
2) Конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды
2025 жылдың 17 наурыз мен 31 наурыз аралығында «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулі http://hr-nobd.iac.kz арқылы жүктейді.
Осы қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- педагогтердің біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психо-неврологиялық ұйымынан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог – модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы 57, 8 7172 25 09 86