Главная страница » Қорытынды аттестаттау

Қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) 9 (10) – сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

      2) 11 (12) – сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

Білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау нысандары

9 (10) – сынып: 

1) қазақ/орыс тілдерінде білім беретін мектептер үшін оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) – сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.

11 (12) – сынып:

1) қазақ/орыс тілі бойынша білім беретін мектептер үшін оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;

2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

4) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан.