Главная страница » 1-сыныпқа қабылдау

1-сыныпқа қабылдау

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Астана қаласының әкімдігінің ШЖҚ “Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы” МКК 2025-2026 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдауды бастайды.
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1. Баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (ЖСН);
3. “Бала денсаулығы паспорты” (№052-2/у (№026) нысаны), егу картасы (№065 нысаны);
4. 3*4 көлеміндегі фото – 2 дана.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы “электрондық үкімет” (egov.kz) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.

Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуір мен 31 тамызы аралығында жүргізіледі.