Құрметті оқушылар, ата-аналар, әріптестер!
Сіздерді Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының сайтында қарсы алуға қуаныштымын!Біздің мектеп – бұл білім бағаланатын, таланттар дамитын және болашақ сынақтарға дайын тұлғалар қалыптасатын орын.
Біздің жұмысымыздың негізі сапалы білім алуға ұмтылу, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу және педагогикалық шеберлікті тұрақты дамыту болып табылады. Біз үшін ең маңызды құндылықтар – әр балаға құрмет, ынтымақтастық және жеке көзқарас. Біз тек академиялық жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және өз жерімізге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше назар аударамыз.
Бұл сайт білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін пайдалы және қол жетімді ақпарат көзі болу үшін жасалған. Мұнда сіз өзекті жаңалықтарды, пайдалы ақпараттарды таба аласыз және сізді қызықтыратын сұрақтар қоя аласыз.
Мұғалімдердің, ата — аналардың және оқушылардың бірлескен күш — жігерімен ғана біз жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Алда көптеген жаңа ашылулар мен жетістіктер күтіп тұр! Баршаңызға сәттілік, шабыт және жарқын жеңістер тілеймін!
Құрметпен,
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры
Казмуханбетова Жанат Талгатовна.
Мектеп директорына хабарлама жіберу