Adal urpaq

Мектепте академиялық адалдық пен әділдікті нығайту жұмыстары жалғасуда!

2024–2025 оқу жылынан бастап академиялық адалдық мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Осыған орай мектебімізде:

📌 «Парасатты азамат бұрышы» жаңартылып, оған:

– Академиялық адалдыққа қатысты нақты жағдайлар (кейстер),
– Плагиат пен жалғандықтың салдары,
– Ситуациялық тапсырмалар,
– Көрнекі инфографика және мотивациялық мазмұндағы мәліметтер орналастырылды.

🧠 Бұл ақпараттар оқушылардың адалдыққа негізделген көзқарасын қалыптастыруға, парасатты ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.
🔗 Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі диплом мен ғылыми жұмыстарды міндетті түрде «Антиплагиат.Казахстан» жүйесімен тексеруді енгізді. Бұл өзгеріс те бұрышта кеңінен түсіндірілді.

📬 Сонымен қатар мектебімізде «Сенім жәшігі» орнатылды. Бұл – оқушылар мен ата-аналардың мектеп әкімшілігіне өз алаңдаушылықтары, сұрақтары мен ұсыныстарын анонимді түрде жолдауына мүмкіндік беретін ашық алаң.
Адалдық, әділеттілік пен қауіпсіз орта қалыптастыру – бәрімізге ортақ міндет!

2024–2025 оқу жылына арналған академиялық адалдық пен «Adal Urpaq» клубының қызметі туралы жалпыланған ЕСЕП