Главная страница » Бос орындар

Бос орындар

Астана қаласы «Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды.

ТҰРАҚТЫ бос орын:
Педагог – психолог  – 2 орын /орыс/;
Педагог – психолог  – 2 орын /қазақ/;
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  – 1 орын /16 сағат/ қазақ сыныптарына;
Бастауыш сынып мұғалімі  – 1 орын /18 сағат/ орыс сыныптарына;

УАҚЫТША бос орын:
Әлеуметтік педагог – 1 орын /қазақ,орыс/ декреттік орынға;
Тарих пәнінің мұғалімі  – 1 орын /16 сағат/ қазақ сыныптарына декреттік орынға;
Математика пәнінің мұғалімі  – 1 орын /24 сағат/ орыс сыныптарына уақытша орынға;

  1) Қойылатын талаптар: еңбек өтілі 5 жылдан жоғары, педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог–шебер.

  2) Конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды
2025 жылдың 17 наурыз  мен 31 наурыз аралығында «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулі http://hr-nobd.iac.kz арқылы жүктейді.

          Осы қағидаларға  сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  1. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  2. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  3. педагогтердің біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  5. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  6. психо-неврологиялық ұйымынан анықтама;
  7. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  8. ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог – модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  9. педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.  

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы 57,   8 7172 25 09 86